Топ-100
0
Товар добавлен в корзину
Оформить
Товар добавлен в избранное
Перейти
Ваш город
Москва

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім

№ 1 қосымша

«ЭСПЕРАНС-РК» ЖШС

БСН: 220240037922

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі бірге - Заң) сәйкес,

Мен дербес деректер субъектісі бола отырып, «ЭСПЕРАНС-РК» ЖШС-не заңнамаға қайшы келмейтін тәсілдермен менің дербес деректерімді жинауға, жүйелеуге, жинақтауға, сақтауға (нақтылау, жаңарту, өзгерту), пайдалануға, үшінші тұлғаларға беруге (оның ішінде РФ аумағына трансшекаралық беруге), иесіздендіруге, бұғаттауға, жоюға сөзсіз келісім беремін, осы келісіммен регламенттелген мақсаттарда, оған қоса құжатқа байланысты (сауалнама, өтініш және т.с.с.), бірақ келесі дербес деректермен шектелмей:

  1.  тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

  2.  жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (сериясы, нөмірі, кім және қашан берді);

  3. туған күні;

  4. жынысы;

  5. нақты тұрғылықты жері туралы деректер;

  6. тіркеу орнының мекенжайы туралы деректер;

  7. байланыс ақпараты (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы және т.б.).

Субъектінің (ол туралы) дербес деректерін жинау, өңдеу және трансшекаралық беруді «ЭСПЕРАНС-РК» ЖШС мыналарды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, келесідей мақсаттар үшін жүзеге асырады:

  • «ЭСПЕРАНС-РК» ЖШС-не төмендегілерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, өз тауарлары мен қызметтерін (өнімдерін) ұсыну мақсатында: - Ниеттестік бағдарламасына қатысушыны сәйкестендіру, жинақтауды есепке алу рәсімін және жеңілдікті пайдалануды қамтамасыз ету

  • жеткізуді жүзеге асыру, сервистік қызмет көрсету

  • жарнамалық хабарламаларды тарату (соның ішінде кез келген коммуникация арналары арқылы, соның ішінде пошта, SMS, электрондық пошта, телефон, өзге де байланыс құралдары арқылы өткізілетін науқандар мен арнайы ұсыныстар туралы)

  • дербес деректер субъектісі тарапы не ол бойынша пайда алушы немесе кепіл беруші болып табылатын шартты орындау;

  • Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында Компания жұмысын бағалау және талдау;

  • Компания өткізетін ынталандыру іс-шараларында жеңімпазды анықтау;

  • клиенттерге «ЭСПЕРАНС-РК» ЖШС компаниясының қызметімен байланысты мәселелер бойынша ақпараттандыру және кеңес беру үшін Компанияның байланыс орталығының қызметтерін ұсыну.

Мен мыналарды растаймын:

  1. осы келісім «ЭСПЕРАНС-РК» ЖШС-мен барлық қатынастарға, оның ішінде осы келісімді беру кезінде бар және (немесе) туындайтын барлық қатынастарға, сондай-ақ болашақта туындайтын кез келген басқа қатынастарға қолданылады және Ниеттестік бағдарламасының қолданылу мерзімі ішінде әрекет етеді. Бұл ретте мен осы келісімді кері қайтарып алу менің Ниеттестік бағдарламасына қатысуымды автоматты түрде тоқтататыны, менің Ниеттестік бағдарламасы Клиентінің картасы бұғатталатыны және оны бұғаттау жеңілдіктерді пайдалану мүмкін еместігін білдіретіні, сондай-ақ егер менің дербес деректерімді қамтитын сауалнамаларды, өтініштерді және т.б. толтыруды талап ететін «ЭСПЕРАНС-РК» ЖШС қызметтерін немесе өнімдерін қайтадан пайдалануды шешсем, дербес деректерімді өңдеуге қайтадан келісім беруім қажет болатыны жөнінде хабарлармын және келісемін;

  2. осы келісіммен «ЭСПЕРАНС-РК» ЖШС-не үшінші тұлғалардың дербес деректерге қол жеткізу шарттарын өз бетінше анықтау құқығы берілді;

  3. «ЭСПЕРАНС-РК» ЖШС дербес деректерді жинауы, өңдеуі және трансшекаралық беруі кезінде Субъектіні хабардар ету талап етілмейді;

  4. осы келісім «ЭСПЕРАНС-РК» ЖШС-де Субъектінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге және трансшекаралық беруге қажетті өкілеттіктерінің бар екендігі туралы дәлел ретінде үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін;

  5. осы келісім Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелген жағдайларда, «ЭСПЕРАНС-РК» ЖШС-не тапсырылатын жазбаша нысанда ресімделген тиісті өтініш негізінде - осы келісім кері қайтарып алынған күнге дейін кемінде 10 жұмыс күні бұрын мерзімде кері қайтарып алынуы мүмкін. Бұл ретте, маған (Субъектіге) Заңға сәйкес, егер бұл кері қайтарып алу Заңға қайшы келетін жағдайларда, осы келісім кері қайтарып алынбайтыны белгілі;

  6. менің дербес деректерім жалпыға қолжетімді дереккөздерде таратылмайды;

  7. «ЭСПЕРАНС-РК» ЖШС-нің дербес деректерді жинауға және өңдеуге қатысты саясатымен таныстым.

Мен осы келісімнің мәтінін оқыдым, толықтыруларым, ескертулерім мен қарсылықтарым жоқ.


WhatsApp
Телеграм
Online чат
Напишите нам